jasqazaq.kz

Шаяннан шыққан шу

19 қыркүйек 2016, 23:00
Павлодар облысында тұрғындар мен күзетшілер арасындағы текетірес әлі жалғасып жатыр. Дауға Шарбақты көлінде мекендейтін, қара нарықта үлкен сұранысқа ие шаянның артемия деген түрі себеп. Жұрт жылда оны теріп, кәсіпкерлерге сататын. Ал биыл су қоймасын жалға алғандар күзет қойып, тұрғындарды жолатпаған. Көл маңына мал жайғандардың өзі оңбай таяқ жепті. Текетіресті басу үшін тіпті арнайы жасақ шақыртуға тура келген.

Жыл сайын осы кезде көлден құрт аулап, нанын тауып жүрген Шарбақты жұрты қазір суға жақындауға қорқады. Бұған жуырда болған оқиға себеп. Көл маңынан мал іздеген ер адамды күзетшілер қуып жетіп, тепкілеген. Ауруханадан бір-ақ шыққан азамат енді «аттан құладым» деп арыз жазудан бас тартуда.

Ал ауылдастары оны полицияға арыздануға үгіттеп әлек. Өйткені асыра сілтеген күзетшілер көл емес, көшеде кетіп бара жатқан бала-шағаға да соқтығатын көрінеді.

Ләззат Абаева, Шарбақты ауылының тұрғыны:

-Біз де барып оларды ұрып кете аламыз. Ондай баскесерліктің керегі не?Заң бар. Заң не үшін?Біз заңға сүйеніп отырмыз.

Шарбақтылықтар дейін құртты тонналап жинап, кәсіпкерлерге арзан бағаға тапсырып келген. Ал биыл жағалауға мүлде аяқ баспапты. Көлді 10 жылға жалға алған кәсіпкер болса, құрт аулау маусымы бір ай бұрын басталғанымен, іске кірісуге асығар емес.

-Жұрт жыл сайын құрт аулап, нәпақасын тауып жүрген мына көл маңында қазір тыныштық орнаған. Тұрғындар тіпті жаз бойы мұнда ешкімнің шомыла алмағанын айтады. Қарулы күзет орнатқан жаңа қожайын аумаққа адам түгілі, малды да жолатпайтын көрінеді.

Қара базарда сұранысқа ие артемия салина – фармацевтика мен косметика жасау саласында таптырмас шикізат. Оның бір қабының құны қазір 70 мың теңгеге жуықтайды.

Ерғанат Жұмабаев, Шарбақты ауылының тұрғыны:

-Ауылдың жартысынан көбі осы көлмен күн көріп жүрдік. 2000-шы  жылдан бері қарай. Біздің талабымыз – осы көлді ашмын. Артемийді аулатқызсын.Біз артемийді тапсырып, өз нанымызды тауып жеуге дайынбыз.

Артемия салина жойылып бара жатқан су жәндіктері қатарына жататындықтан оны рұқсатсыз аулау браконьерлік боп саналады. Ал жылда осы маусымда құрт-шаян үшін жаға жыртысқандардың көбейетінін айтқан полицейлер қазір арыз жазған Ертіс ауданының тұрғындарын тергеуге кіріскен. Тіпті заңсыз құрт аулаған топты құрықтау үшін арнайы жасақ шақыртуға тура келіпті. Браконерьлердің арасында 15 жасар бала да болған. Ұстау кезінде бас жарақатын алған ол қазір үйінде ем-дом алып жатыр.

ktk.kz

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты