jasqazaq.kz

Шамалған тұрғындары газ бағасының өсуіне наразы (Видео)

09 қантар 2023, 17:04

Газдың қымбаттауына байланысты Шамалған ауылының тұрғындары әкімдік алдына жиналды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ауыл тұрғындарының бас қосуы туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Жарияланған кадрларда ауыл әкімдігі алдына 50-60-қа жуық адамның жиналғанын көруге болады.

Қарасай ауданы әкімдігінің мәліметінше, 9 қаңтарда таңғы сағат 9:30 шамасында Шамалған, Жандосов және Әйтей ауылдық округтерінің тұрғындары Шамалған ауылына жиналды. Барлығы 80-90 адам келді. Олар «Сигма Газ» компаниясының жұмысына және газ тарифінің өзгеруіне наразы болды.

«Желтоқсанда газ тұтыну көлемі 1,5-2 есеге өсті. Шамалғанда тариф текше метріне 34,75 теңге, ал Қаскелеңде текше метрі 26,89 теңге.

Сондай-ақ, жиналғандар газды қосу тарифтерінің жоғарылығына наразы», ​​- деді әкімдік өкілдері.

Бұл жағдайға қатысты Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов, Қарасай ауданы прокурорының орынбасары, «Аманат» партиясы облыстық филиалының төрағасы, «Сигма Газ» серіктестігінің директоры түсініктеме берді.

«Түсіндіру қорытындысы бойынша «Сигма Газ» ЖШС тарифінің қалыптасуын және қосылуын тексеру үшін аудан әкімдігі, аудандық прокуратура, Алматы облысы бойынша табиғи монополиялар департаменті және қоғам өкілдерінен тұратын жұмыс комиссиясын құру туралы шешім қабылданды. 25 қаңтарға дейін алдымен комиссиясының тексеріс қорытындысы хабарлану керек», — деді әкімдік өкілдері.

«Сигма Газ» компаниясы Қарасай ауданындағы Шамалған, Жандосов, Шалқар, Қайрат, Еңбекші, Құмарал, Үштерек елді мекендерінде, сондай-ақ, «Арай» және «Дархан» саяжайларында газбен қамту және қосу жүйесін жүзеге асырып жатқаны айтылды. Абоненттердің жалпы саны — 9906. Газдың бір текше метрі үшін тарифі заңды және жеке тұлғалар үшін ҚҚС есебімен 34,75 теңге. Тариф 2021 жылғы қарашада Алматы облысы бойынша Табиғи монополиялар департаментінің бұйрығымен бекітілген.

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка