jasqazaq.kz

Шам ұрлағандар 7 жылға сотталуы мүмкін

30 мамыр 2016, 17:19

original

Қалалық ІІД-нің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Софья Әнуарбекқызыны елордада шам ұрлағандар туралы «Жас қазаққа» мынадай түсінік берді:

«Ұсталғандар Ақмола облысының тұрғындары. Сол жерде жұмыс істеген. Брусчатка салған. Жұмыс істеп жүріп, екеуі көше шамын көреді. Сөйтіп, оларға шамды сатып, пайдаға кенелу туралы ой келеді. Бірінші күні үш-төрт шамды алып кетеді. Келесі күні тағы 4-5 ұрлайды. Солай ұрлық жасап, екі аптаның ішінде олар 51 шамды алып кетеді. Бәрінің құны – 1 млн. теңге. Жедел іздестіру шарасы барысында олар анықталып, қолға түсті. Анықталғаны, олар әлгі ұрланған шамдарды метал сатып алатын орынға өткізіпті. Шамдар түгел сол жерден тәркіленді. Шамдармен қоса оны бекітетін қондырғыны сатыпты».

С. Әнуарбекқызы бұл факті бойынша «Ұрлық» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Құзырлы мекеме басшысы: «Осы баппен қаралатын жаза – 1 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылады» деп түсіндірді.

 

Төлен Тілеубай,

Астана

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық