
Жақында ғана үшінші күйеуіне алданғанын айтқан әнші Шахизада махаббат жасқа қарамайтынын айтып, жас жігітпен құшақтасып түскен фотосын жариялады. Ол өзінің инстаграм парақшасында:
«Бізде жағдай осындай…
Адамнан жасырғанды,құдайдан жасыра алмайсың…
Көп сөге көрмеңіздер.
Махаббат жасқа қарамайды екен», — деп жазба қалдырды.
Фотодағы әнші жігіт Ерболат Ержанбаев та өз оқырмандарына Шахизаданы көрсетті. «Біреуден естігенше,өзімнің парақшамнан көргендеріңіз дұрыс шығар», — деген ол. Сондай-ақ, тағы бір жазбасында Шахизадамен түскен суретінің астына сақина смайлигін қалдырып, көпшілікті қызықтырып қойды.
Желі қолданушылары арасында бақыт тілеп жатқандары да, сынап жатқандар да көп.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
JQ-Aqparat