jasqazaq.kz

Шаһизада: Үшінші күйеуіме де алданып қалдым

06 ақпан 2023, 14:34


Әнші Шаһизада үшінші некесінің де сәтсіз болғанын баяндады. Ол бұл туралы «Менің өмірім» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазды JQ-Aqparat.

Өнер иесі: «Үшінші күйеуіме алданып қалдым, ашығын айта салайын. Бір кезеңдерде өзіңді жалғыз сезінесің ғой, өмірімде ауыртпалықтар көбейіп, жалғыз қалып кеткендей өзімді сезіндім.Бір түрлі шаршаулар пайда болды. Сөйтіп жүргенде үшінші жігітке ұсталып қалдым. Стамбұлда үш-ақ ай тұрдым. Бірге тұрып көргеннен кейін көрдім да, мынау болмайды екен деп кетіп қалдым. Өзінің қателігін көрмейді»,- деп ойын аяқтады.

Шахизада сұхбатта қәзіргі таңда өзінің жақсы көретін досы бар екенін де жасырмады.
«Психологтардың өзі ер азаматтар әйелді оның табиғи исіне қарай содан кейін әтіріне қарай жақсы көреді деп айтады. Адамның мұрнына әдемі иіс келгенде, еркектер сол әйелге барғысы келіп, араласқысы келіп ұмтылады екен. Сөйтіп досым сағындым сені, деп астына исіңді сағындым деп жазып қойыпты. Қәзір бірге болмасақта, жүрегімізбен біргеміз», -деп жан сырын ақтарыла айтты.

Желі оқырмандары болса: «Енді қателеспеңіз Шаһизада ханым,немерелеріңіздің тілеуін тілеңіз! Иісің әдемі екен деп тағы алданбаңыз», «Қателескенде тұрған ештеңе жоқ. Әйел адам 60-қа келсе де, бақытты болуға лайықты»-, деп ойларын ортаға салды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде