Американың Гринбург қаласында (Нью-Йорк штаты) әкесі үш жасар қыздың корольдік питонмен ойнап отырған сәтін видеоға түсіріп алды. Бейнежазбаны 20 наурыз күні Daily Mail жариялады.

Видеода Дженни жыланды күле отырып қолында ұстап отырады. Газеттің мәліметіне сүйенсек, қыздың әкесі питондарды өз үйінде асырайды. Ол жыртқыштың балаға ешқандай зиян тигізбейтінін айтты.