jasqazaq.kz

Шәкәрім – бейнелеу өнерінде

22 шiлде 2016, 12:18

24 шілде –  Шәкәрім Құдайбердіұлының туған күні!

 

IMG-20160722-WA0003 (2)

 

Қазақтың классик ақыны, аудармашы, философ, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы 24 шілдеде (ескіше 11 шілде) Шыңғыстаудағы Кеңбұлақ жайлауында дүниеге келген.

Шәкәрім ауылынан ұзап шығып арнайы оқу орнында оқымаған. «Оның мектебі де, университеті де –  Абай» – деп жазады көрнекті абайтанушы ғалым Қ.Мұхамедханов. Ұлы ұстазы Абайдың жетекшілігімен білім-ғылым жолына түседі. Оның  шығармашылығы, тақырыбы, көркемдік ерекшелігі, сазгерлігі, қай жағынан алсақ та,  Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырушы, дамытушы екені анық.

Шәкәрім XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің шежіресіндегі Абайдан кейінгі  тұлғалы ақын. Ол ұлы Абайдың сөз өнеріне деген ықыласы мен пейілін көріп өсті. Халықтың мұңын жырлау, адамдық қасиеттерін қастерлеу оның шығармаларының алтын арқауына айналды.

Адамдық борыш, ар үшін,

       Барша адамзат қамы үшін.

       Серт бергем еңбек етем деп,

      Алдағы атар таң үшін, — деп алдына қатаң серт қояды ақын.

Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы Шәкәрім Құдайбердіұлының туған күніне орай арнайы көрме ұйымдастырды.

Шәкәрім қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихын, қазақ елінің өткені мен болашағын терең зерделеп, толғақты ой айта білген адам. Ел бостандығын, өз елімізге, өз жерімізге еге болуды мұрат еткен.

Көрмеде Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын жан-жақты ашатын туындылар орын алған. Басым көпшілігі суретші М.Әлиакпаровтың Шәкәрім тақырыбына арналған шығармалар жиынтығы. Сонымен қатар көрмеден А.Манабаевтың «Шәкәрім» портретін, ақынның әр жылдарда жарық көрген басылымдарын, ақын ұрпақтарының тартулары, мен шәкәрімтанушы ғалымдардың зерттеу еңбектерін көре аласыздар.

 

abai-museum@mail.ru

 

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты