jasqazaq.kz

Серік Жұманғарин: Қант тапшылығы болмайды!

08 ақпан 2023, 13:05

Вице-премьер — сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин өткен жаздағыдай қант тапшылығы болмайтынына сенімді.

Үкіметте өткен брифингте: «Біз отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін көтерме баға енгіздік. Инфляцияға олар ешқандай әсер етпейді. Өйткені қазір бағалар теңдесуде, себебі теңге мен рубльдің айырмашылығы жақсарып келеді, — деді.

Сондай-ақ қант өндірісін жақсарту шаралары қолға алынған.

«Біз өзіміздің қант зауыттарымыздағы қаржыландыруды аяқтадық. Жақын арада оны іске қосуға дайынбыз. Әрине, құрақ қанты көп мөлшерде болады, бірақ былтырғыдай проблема болмайды. Меморандумда оның ең жоғары бағасы 460 теңге деп көрсетілген. Бұл біздің дүкен сөрелеріндегі бағалар, — деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Өткен жылы жергілікті зауыттар 306 мың тонна қант өндірген.
«Былтыр біз құрақ қантынан 306 мың тонна қант пен 50 мың тонна қызылша қантын өндірдік. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Бұған дейін өндіріс көлемі 100 мыңнан сәл ғана асатын, — деді Серік Жұманғарин.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті