jasqazaq.kz

Сергей Терещенко өмірден озды

10 ақпан 2023, 15:38

Қазақстанның бірінші Премьер-Министрі Сергей Терещенко 72 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Сергей Терещенко 1951 жылы дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Алматы жоғары партия мектебін, Ресей ҒА Экономика институтын бітірген.

Еңбек жолын Шымкент облысының Түлкібас ауданына қарасты Куйбышев атындағы кеңшарда бас инженер болып бастады. Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, Қазақ КСР Президентінің орынбасары, Қазақ КСР президенттік кеңесінің мүшесі болды. ҚР Шетел инвестициясы ұлттық агенттігінің төрағасы, Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі ұлттық комисияның төрағасы қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар ол 1991 жылды қазаны мен 1994 жылдың қазаны аралығында Қазақстан Республикасының бірінші Премьер-Министрі болып еңбек етті.

Jas Qazaq марқұмдардың туған-туысқандарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті