jasqazaq.kz

Сенатор «ҚазАвтоЖолдың» былығын әшкереледі

16 ақпан 2023, 15:13

 

Жол шаруашылығында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде заңды бұзу фактілері тоқтар емес және нормалар сақталмайды. Жол құрылысының осы түйткілді мәселелерін Андрей Лукин депутаттық сауалында көтерді.

Сенатор бұл салада ақшаны тиімсіз пайдалану және ұрлау фактілері ғана емес, шенеуніктердің өкілеттігін асыра пайдалану фактілері де бар екенін атап өтті.

«Жүйелік бұзушылықтар жойылған жоқ. Кейбір мердігер ұйымдарға қатысты конкурстық рәсімдерді өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық белгілері бар белгілі бір артықшылықтар сақталады. «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы» ҚР Заңының 4-бабын бұза отырып, «ҚазАвтоЖол» бір көзден алу тәсілімен жалпы сомасы 8 миллиардтан астам теңгеге заңсыз келісімшарт жасасқан», — деді депутат.

Сенатор жол саласына қомақты бюджет қаражаты құйылып жатқанына қарамастан, көлік инфрақұрылымын дамыту және транзиттік әлеуетті арттыру жеткілікті тиімді еместігін баса айтты. Оған себеп, басқалармен қатар, мемлекет қаржысын ысырап ету, жымқыру және басқа да құқық бұзушылықтар. Осыған байланысты депутат министрлер кабинетінің басшысына Автомобиль жолдары комитеті мен «ҚазАвтоЖол» кәсіпорнының жұмысын бақылауды күшейтуді ұсынды.

JQ-Aqparat 

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата