jasqazaq.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сайлаудың ашық өтетініне сенімді

19 наурыз 2023, 9:48

 

Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Тілшілерге берген сұхбатында ол бүгінгі сайлаудың ашық әрі әділ өтетіндігіне сенім артты. «Бүгін – маңызды күн. Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Сайлау – саяси реформалардың бір бөлігі және маңызды. Саяси науқан жаңарған заңнаманың негізінде өтіп жатыр. Былтыр референдум өтіп Конституциямызға үлкен өзгерістер енгізілді. Одан бөлек, біраз заңдар қабылданды. Бір мандатты округтен сайланудың енгізілуі қоғам тарапынан жақсы қабылданып жатыр деп айтуға негіз бар», — деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасының айтуынша, бұл жолғы сайлауда жоғары белсенділік байқалады.

«Сайлауда бір мандатты округтер кандидаттары және өзін-өзі ұсынғандар арасында бәсеке аса жоғары. Бұл Мемлекет басшысы қабылдаған саяси реформалардың өзектілігі мен уақытылы екендігінің көрінісі. Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауын заң талаптары мен халықаралық стандарттарға сәйкес өтеді деп сенемін. Бүгінгі науқан барысын халықаралық ұйымдардың байқаушылары қадағалап жатыр. Баршаны сайлауда өз таңдауын жасауға шақырамын. Биліктің қайнар көзі – халық. Халықтан жоғары ешкім тұра алмайды. Біз сайланған Мәжіліс депутаттарымен қоян-қолтық жұмыс істеуге дайынбыз», — деді ол.

JQ-Aqparat

 

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта