jasqazaq.kz

Семейде мас күйдегі ер адам екі полиция көлігін өртеп жіберді (Видео)

26 қантар, 10:21

Семей қаласында мас күйде болған ер адам екі учаскелік полиция қызметкеріне тиесілі автокөлікті әдейі өртеп жіберген, деп хабарлайды jasqazaq.kz. Оқиға кеше кешкі сағат 18:10 шамасында «Юность» шағынауданында болған.
Куәгерлердің айтуынша, құрылыс колледжінің маңындағы автотұрақта екі жеңіл көлік бір мезетте өртенген. Алғашқы сәттен-ақ өрттің кездейсоқ емес, қасақана жасалғаны белгілі болған.
Абай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер келгенге дейін жалын ауыздықталған. Дегенмен құтқарушылар қосымша қауіпсіздік шараларын жүргізген. Зардап шеккендер жоқ.
Ал бүгін облыстық полиция департаменті көліктердің әдейі өртелгенін ресми түрде растады.
– 2026 жылғы 25 қаңтарда сағат 18:10-да бұрын сотталған 66 жастағы жергілікті тұрғын алкогольдік масаң күйде учаскелік полиция пунктінің маңында полиция қызметкерлеріне тиесілі «Chevrolet Cobalt» және «Changan» маркалы екі автокөлікті өртеген. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады полиция.

Күдікті Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлігі («Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру») бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Аталған бап бойынша 3 мыңнан 7 мың АЕК-ке дейін айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстары, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Полиция мәліметінше, өртке оранған көліктер қызметтік емес, учаскелік инспекторлардың жеке автокөліктері болған. Олар несиеге алынған. Енді келтірілген шығын азаматтық тәртіппен, сот арқылы өндірілмек.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілуде