Селфи жасамақ болған қытайлық азамат биік жардан құлап кетті. YouTube желісінде пайда болған видеодан қытайлық азаматтың суретке түсу үшін биік жартасқа шығып алғанын көруге болады.

Басында қытайлық азамат жартасқа шығып алады. Артынша құздан бір қолымен ұсталып тұрып суретке түспекші болған ол құлап кетеді.
Қытайлық Chongqing Evening News басылымының хабарлауынша, Ду есімді азамат Ченгмай аймағындағы Цзитонг тауына аттанған. Ол өзінің досынан қауіпті позада тұрған күйін суретке түсіруді өтінген. Кейіннен Ду тепе-теңдікті сақтай алмағанын, сондықтан ондаған метр биіктіктен құлап кеткенін айтқан.
Абырой болғанда, азамат бірнеше жерден жарақат алған. Өзі дін аман.