jasqazaq.kz

Селфи үшін сотталып кетті

29 наурыз 2017, 12:47

Полиция қызметкерінің УАЗ маркалы көлігінің төбесіне шығып, селфи жасамақшы болған Павлодар қаласының тұрғыны опық жеді.

Сәтті кадр үшін осындай қадамға барған тұрғынға қатысты іс Павлодар қалалық әкімшілік сотында қарастырылды.

Іс материалдарына сүйенсек, 23 жастағы Бекзат Ашуов көңіл көтеріп, полицей көлігінің фонында селфи жасамақшы болыпты. Жас жігіт алдымен УАЗ көлігінің капотына, кейін төбесіне шығып алған. Ол аздай, шағымданған тұрғындарды балағаттаған. Сот отырысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, осындай әрекетке баруға «тентек су» себепкер болғанын жеткізді.

Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Әйгерім Сүлейменованың айтуынша, Бекзат Ашуов ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сотталды.

«Бұзақылық жасап, тұрғындарды балағаттағаны үшін 23 жастағы азаматқа 10 күнге қамауға алу түрінде жаза тағайындалды. Айта кетерлігі, бұған дейін павлодарлық әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған», — деп хабарлады Әйгерім Сүлейменова.

Baq.kz сайты хабарлағандай, Прокурор А. Махватованың қорытындысына сүйенсек, айыпталушыға қатысты жаза жеңілдетілген.

«Осындай шешім қабылдауға айыпталушының кінәсін толық мойындағаны сеп болды. Бұл соттың оң шешім қабылдауына әсер етті», — дейді прокурор.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты