Қазақтың әйгілі күйшісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбек Қазақ Елін ұлыстың ұлы күні Әз наурыз мерекесімен құттықтап, елге амандық, береке тіледі.

Қазақтың әйгілі күйшісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбек Қазақ Елін ұлыстың ұлы күні Әз наурыз мерекесімен құттықтап, елге амандық, береке тіледі.

Қазаққа «Көңіл толқыны», «Ақжауын», «Жазғы қар», «Бесік», т.б, күйлерімен танымла болған күйші құттықтау сөзінде: «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын! Қазаққа бақ, береке-бірлік, шуақты күндер мол болсын деп тілеймін!
Елдің іргесі аман болсын, ай жылға ауысып, аман-есен күнге жеткізсін! Тек осындай қуаныштарда қауышып жүруге жазсын!
Сонау 1988 жылдан бері айтқанда, бұйырса келер жылы 30 жыл болады екен. Ұлтымыздың салты, дәстүрі, өнері, әдебиеті мен мәдениеті қаймағы бұзылмай келеді. Қазақтың кісілігін, қонақжайлығын, әлемде ешбір елге ұқсамайтын, қайталанбайтын мінезін өзгелер біліп жатыр. Сол деңгейде, сол биікте тұруы керек деп ойлаймын», – деп ақ тілегін ақтарды.
Видео: Абзал Қалиев