jasqazaq.kz

«Сарыарқа» газ магистралі солтүстік пен шығысқа созылмақ

01 ақпан 2023, 16:34

Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде елдің солтүстігі мен шығысын көгілдір отынмен қамтамасыз етудің ықтимал жолдарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елдің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыруға қатысты бірнеше нұсқалар пысықталуда, атап айтқанда: «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының 2-ші және 3-ші кезеңдерін салу және Ресей Федерациясымен Павлодар қаласына тармақталған «Барнаул-Рубцовск-Семей-Өскемен» магистральдық газ құбырын салу бойынша келіссөздер жүргізілуде», — деді Болат Ақшолақов.
Сондай-ақ ол Өскеменге тармақталатын «Омбы-Павлодар-Семей» газ құбырын салу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын еске салды.

«Бұл ретте газдың ресурстық базасы және импорттық газдың құны мәселесі тежеуші фактор болып табылады. Осы бағыттағы жұмыс жалғасады», — деді министр.

Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге