jasqazaq.kz

Сарбаздың тамағы сын көтермей ме?

25 наурыз 2023, 17:04


Былтырғы жылы еліміздегі әскерилерді тамақпен қамтамасыз еткен 4 ұйымға айыппұл салынып, 11 миллион теңге өндіріліпті. Қорғаныс министрлігі журналистердің сарбаз тамағына қатысты көтерген мәселеге жауабында осындай мәлімет айтты. Министрлік әскерилерді тамақтандырумен қамтамасыз ететін мекемелердің жұмысы тұрақты бақылауда деді.
«Бүгінде Қорғаныс министрлігінің ветеринариялық және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерінің мамандары тамақтануды ұйымдастыруды бақылау саласындағы уәкілетті орган болып отыр. Осы орган өкілдері былтыр 300-ден астам тексеру жүргізіп, тамақтануды ұйымдастырушы 4 мекеменің үстінен сотқа талап арыз берді. Сот шешімдері бойынша мемлекет кірісіне 11 млн теңгеден астам соманың айыппұлы өндірілді. Шарттық міндеттемелерді жосықсыз орындау фактілері, әскери қызметшілер мен олардың аналары тарапынан шағымдар анықталған жағдайда Қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғалары тиісті шараларды уақтылы қабылдайды және талап-арыз жұмыстарын жүргізеді. Жеткізушілер тарапынан бұзушылықтың бірде-бір фактісі назардан тыс қалмайды. Тамақ сапасын бақылау жұмыстары жүргізілмейтіні туралы мәлімет шындыққа сәйкеспейді», — деді ведомствоның жауапты мамандары.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті