jasqazaq.kz

Сара Тоқтамысова: Күйеуіне қарнын ұстатып фотоға түсетіндерді түсіне алмадым

23 қантар 2023, 13:59


Ақын Сара Тоқтамысова жақында үшінші рет ана атанған болатын. Өнер иесі жүктілігін жария етіп, суретін салатындарға қатысты пікірін білдірді, -деп жазды JQ-Aqparat.

Өнер иесі: «Қазір инстаграмды ашып қалсаң қазақтың қыздары, келіндері роддомда ішін ұстап алып қалай толғатып жатқанын, толғақ күтіп жатқанын, тіпті қалай босанғанын көрсететін неше түрлі рилстар мен стористер қаптап кетіпті (әлде маған ғана солай көріне ме?) Өзім ондайды сала алмайды екем.

Оған менің ұстанымым да, ата-анам берген қазақы тәрбием де сәйкес келмейді. Парақшамды қарсаңыздар тіпті жүкті кезімде фотосессия да жасамаппын. Күйеуіне қарнын ұстатып фотоға түскен жастарды түсіне алмай кететін шығармын.

Маған “сіздің жүктілігіңізді де, қалай босанғанызды да білмей қалдық” деп жатыр. Жүктілік дегеннің өзі де өте бір қасиетті де қастерлі, әрі жеке шаруа ғой.

Отбасылық альбомда сақталатын, жақын достар арасында айтылатын дүниелерді айдай әлемге паш етуді құптамайды екем.

Қазір заман қанша жерден өзгерді дегенмен әр нәрсенің жөні бар-ау. Қазақылықтан аттамау керек деп ойлаймын. Қанша жерден дамысақ та ата-бабамыздан даналығымыз асып кеткен жоқ.
Өзгенің қаңсығын таңсық қылмай өз құндылығымызды дәріптейік, құрметтілерім. Инстаграм бар екен деп көрсететінді де, көрсетпейтінді де шығара бермейік. Тек өзіміз ғана білетін асылымыз арамызда қалсын да.

Сіздер қалай ойлайсыздар, құрметтілерім? Әлде “заман талабы” деп ондайды да көрсету керек пе еді?», — деген ойымен бөлісті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Сара Тоқтамысова. (@sarkanai)

09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики