jasqazaq.kz

Сапалы оқулық: баспа жауапкершілігі күшейтіледі

10 ақпан 2023, 16:16

Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы хабарлағандай, енді полиграфиялық ақау, сондай-ақ пәндік сараптама комиссиясы бекіткен нұсқадан ауытқу нәтижесінде кеткен қателер мен басқа да кемшіліктер анықталған жағдайда, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді баспа өз есебінен ауыстыруға міндетті.

«Біз мұндай құқықтық норма арқылы барлық тараптардың өзара жауапкершілігін күшейту мектептегі оқу әдебиетінің сапасын арттыруға оң әсер етеді деп санаймыз», – дейді орталық басшысы Елдос Нұрланов.

Соңғы үш жылда оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік сараптама рәсімдерінің объективтілігін арттыруға, сарапшыларға, авторларға және оқулықтарға қойылатын талаптарды нақтылауға бағытталған бірқатар заңнамалық шаралар қабылдады.

2020 жылы сараптама жүргізу процесі толығымен құпия режимге ауыстырылды. Министрлік сайтында pdf және epub форматындағы қағаз оқулықтардың электрондық нұсқалары ашық орналастырылып, авторлар көрсетілмейтін болды. Бұл сараптаманың әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ететінін шара.Сондай-ақ баспаларға ішкі сараптама жүргізу, авторлардың оқу әдебиеттерін әзірлеудің әдіснамасы, оларды бағалау критерийлері бойынша оқыту курсынан өткізу жауапкершілігі жүктелді.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті