jasqazaq.kz

Салтанат жан-дүниесіне қарама-қайшы образды сомдағысы келеді

24 желтоқсан 2016, 22:43

“Жұлдыздар әлемінің” сұрақтарына актриса әрі әнші Салтанат Бақаева жауап берді.

Салтанат ханым, сұхбатымызды қазіргі таңда “Қазақстан” арнасынан көрсетіліп жатқан Айман Шолпан телехикаясы жайында бастайық.

– 5 айға созылған “Айман&Шолпан” атты телеxикаяның түсірілімі аяқталды. Өмірімде бірінші рет осындай үлкен жобаға қатысқаным өзім үшін және көрермендерге басқа қырымнан таныттым деп сенемін.
Біз барынша көрермендердің ойынан шығуға тырыстық және сол үшін барымызды салдық.
Бүкіл “Көркем фильм” ұжымына ризашылығымды білдіремін.
– Бұл телехикаяда бірден екі кейіпкер болу қиынға соқпады ма?

– Әр жұмыстың өзіңдік қиын сәттері көп, әрине оңай емес дегенмен мен кәсіби маман болғандықтан, ол қиындықтарды барынша жеңдім деп ойлаймын.

– Сізді Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының белді актрисасы екеніңізді жақсы білеміз, биыл сізді қандай қойылымдардан көре аламыз?

– Телеxикаяның түсірілімі енді аяқталды, сол себепті театрдағы жаңа қойылымдарға уақыттың жоқтығынан ілінбедім, бірақ репертуарда өзім сомдап жүрген кейіпкерлерімді маусым ашылған соң көре аласыздар.

– Актриса ретінде қандай кейіпкерді ойнауды армандайсыз?

– Жалпы мен өзімнің ішкі жан дүниеме қарама қайшы келетін образдарды сомдағанды жақсы көремін. Менің ойымша сондай сәтте актер ашылады және өзін-өзі танып басқа қырларын аша алады.

screenshot_12

– Өзіңіз актрисасыз әрі әншісіз. Жақында “Ду-думан” бағдарламасын жүргіздіңіз, бағдарлама жүргізу қиндық тудырмады ма?

Қиындық тудырды, мен жаман жүргіздім деп айта алмаймын бірақ қиналдым, оңай жұмыс емес. Өзіме мәселен жүргізуші ретінде әлі еркіндік жетіспейді деп ойлаймын бірақ ол тәжірбиемен келетін нәрсе сондықтан бәрі әлі алда.

– Біздің оқырмандарға өзіңіздің лебіңізді білдірсеңіз?

Бар жақсылықты тілеймін оқырмандарға!
Алға қойған мақсаттарыңызға сүрініп құласаңыздар да тұрып, үстіңізді қағып жетіңіздер дегім келеді.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Ғалымжан Сәңкібаев

juldyz-alem.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық