jasqazaq.kz

Салтанат Бақаева Бибігүл Төлегенованың денсаулығына зиян келтіріп алды

13 мамыр 2017, 14:46

Күні кеше қазақ киносының абызы Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығында өнер иелері түгел бас қосты. Олардың арасында Әшімовтің замандасы, қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенова да болды.

Жасы 90-ға жақындаса да, Бибігүл Төлегенова әріптесін қуанышымен құттықтап келді. Өнердегі іні-сіңлілерін көріп бір марқайып қалған әншінің көңіл-күйі де тамаша еді.

Алайда кеш барысында актриса әрі әнші Салтанат Бақаева Бибігүл Төлегенованың денсаулығына зиян келтіретіндей әрекетке барды. Ол бұлбұл әншімен суретке түсемін деп оның көзіне залал келтірді. Бұл туралы Салтанаттың өзі желідегі парақшасында жазды.

«Ойда жоқта Бибүгіл апайымды ренжітіп алдым. Әдетте телефонымның жарығын қоса алмай әлек болушы едім, дәл бүгін осы суретті түсіргенде істеп кеткенін қарасаңшы. Апайымыздың көзіне зиян екен. Өте ұялдым. Әлі де бүкіл оқырмандарымның алдында кешірім сұраймын. Дегенмен суретті естелік ретінде салып қоюды ұйғардым», – дейді Салтанат. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық