jasqazaq.kz

СӘКЕН мен RAIM концерті неге өтпейді?

10 қазан 2025, 12:34

«Алматы әуендері» ұйымы ресми түрде әнші Сәкен Майғазиев мен RAIM-нің 19 қазан күніне жоспарланған ән кеші өтпейтінін хабарлады.
Ресми хабарламада былай делінген:
«Құрметті көрермен!
Өкінішке қарай, алдағы 19 қазан күніне жоспарланған СӘКЕН мен RAIM ән кеші өтпейтінін хабарлаймыз.
Алдын-ала сатып алынған барлық билеттерді қайтара аласыздар. Концерт ұйымдастырушылары мен Республика Сарайының әкімшілігі атынан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз».

Бұл жаңалықты естіген көрермендер әлеуметтік желілерде түрлі пікір қалдыруда. Дегенмен, әзірге Сәкен мен Raim тарапынан бұл жағдайға қатысты ешқандай ресми пікір немесе түсініктеме берілген жоқ.
Концерттің өтпеу себебі нақты көрсетілмеген. Ұйымдастырушылар көрермендердің түсіністікпен қарап, билеттерді қайтару тәртібі жөнінде қосымша ақпаратты ресми арналар арқылы алуға болатынын айтты.
Күтілген концерттің өтпей қалуы жанкүйерлер үшін күтпеген жаңалық болды. Көпшілік сүйікті әртістерінің бір сахнада ән шырқауын асыға күткен еді.

Олжас Әбдіхалық 

 

14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін