jasqazaq.kz

Садыр Жапаров: Қырғыз президенттері бір-бірін кешіріп, өзара тіл табысты

18 ақпан 2023, 22:48

Қырғыз елінің басшысы Садыр Жапаров өзіне дейін елді басқарған көшбасшылармен кездесті. Бейтарап аумақта өткен осы басқосуда қазіргі және бұрынғы президенттер бір-бірін кешіріп, өзара мәмілеге келді.
Қырғыздың “Кабар” ақпарат агенттігі хабарлағандай, жүздесуге Садыр Жапаровпен бірге Асқар, Ақаев, Құрманбек Бәкиев, Роза Отынбаева, Алмасбек Атамбаев, Сауранбай Жиенбеков қатысқан.
Кездесуден кейін С. Жапаров арнайы мәлімдемеде жасады. Онда президенттердің ынтымақ пен ауызбірлікті ту еткен ата-баба дәстүрімен өзара тіл табысып, ортақ мәмілеге келгені айтылған.

Сондай-ақ, өзара өкпе-ренішті ұмытып, бір-бірін кешірген олар мемлекеттің кемел келешегі жолында жік-күш-жігерді уағдаласты. Енді күнгей мен терістегілер, “ақаевшылар”, “бәкиевшілер”, “отынбаевашылар”, “атамбаевшылар”, жиенбековшілер”, “доконцашылар” боп бөлінбей, халықтың береке-бірлігі сақтауға өз үлесін қосады.

Айта кеткен жөн, өткен аптада түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан Алмасбек Атамбаев бостандыққа шықты.

JQ-Ақпарат

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті