jasqazaq.kz

С.Нарымбетов: Ақшасын шешіп берсе, Алаш туралы кино түсіруге дайынмын

03 ақпан 2017, 12:20

Биыл Алаштың 100 жылдығы, соған орай Үкімет басшысының орынбасары И.Тасмағамбетов арнайы жиын ашып, дайындық жасау жайын айтты. Оның қатарында кино түсіру тақырыбы да қозғалды. Біз, осыған байланысты белгілі кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетовке хабарласып, пікірін сұраған едік.

С.Нарымбетов: Алаш арыстары туралы кино түсіру қазақ режиссорларының бәрінің арманы. Мен “Аманат”, “Мұстафа Шоқай” фильмдерін түсірдім. Енді, Алаш арыстарын, соның ішінде Әлиханды түсірсем деп армандаймын. Тек соны жүзеге асыруға жоғарғы жақтың қолдауы керек. Неге екенін қайдам, ЭКСПО, Универсиада өткізуге ақша табылады. Ал, Алашқа келгенде қаржы жетпей қалады. Алаш туралы “Үлкен бір жұмыс” жасалу керек деп айтылғалы қай заман. Бұл қазақтың ертеңі үшін керек дүние ғой. Ертеңгі болашақ үшін, ұрпақ тәрбиесі үшін, ұлттық сананы бекемдеу үшін, мемлекеттілікті қуаттандыру үшін керек. Тоқ етерін айтқанда, қазаққа керек дүние. Ал, осы қазаққа керек дүниеден жоғарғы жақтағылардың не үшін басын ала қашатынын түсінбеймін. Әлі ешнәрсе істелген жоқ. Иә үкімет басшысының орынбасары Иманғали Тасмағамбетов мырза Алаш туралы Алаштың 100 жылдығына дайындалу жайлы айтты. Енді сол сөз рас болып, қаржысын шешіп берсе режиссерлардың қай-қайсысы да тас-түйін дайын.

Бізден басқа елдер, тарихты арыдан қозғап жатыр. Мысалға Путин скифтерден, Шыңғысханнан бастап, барлығын өзіне тартып кино түсіртіп жатыр. Біз “Қазақ хандығығың” өзін әлі толық түсіріп бола алмай жатырмыз. Ақша бөлінбейді. Режиссерға үлкен қаржылық демеу болмаса, еш нәрсе істей алмайды. Ауқымды дүние жасау үшін үлкен қолдау керек. Біздің жоғарғы жақта отырған көкелеріміз неге екендігі беймәлім, ұлттық, көлемді дүниелерге келгенде құлықсыз.

Қойшыбек Мүбарак

qazaqtimes.kz

 

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық