
Алматыдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің жедел-тергеу тобы Қазақстан Журналистер одағының төрағасы С.Матаевқа қатысты қылмыстық істің қайта сараланатыны жөнінде жаңа қаулы қабылдады.
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры хабарлағандай, 23 мамырда одақ төрағасына бюджет қаржысын аса ірі көлемде жымқырды деп тағылған айып қызмет бабын асыра пайдалану және сенім жоғалту бабына ауыстырылды.