
Сәкен Майғазиев жас әнші Әсет Есжанмен бірігіп дуэт орындады. Жаңа туындыда қос өнерпаз өзге әншілер көп қозғай бермейтін жетімдер тақырыбын қозғаған.
“Жыламасын сәбилер” деп аталатын туынды кеше көпшіліктің назарына ұсынылды. Бейнесюжет тыңдармандарды бей-жай қалдырмады.
Жұрт ата-ананың қарауынсыз қалған баланың тағдырына куә болып, көздеріне еріксіз жас келгендерін айтып жатты.
Айта кетейік, жас әнші Әсет Есжанға “Алашұлы” тобының әншісі продюсерлік етіп жүр. Бұған дейін әнші Майғазиевтің арқасында жалпақ жұртқа танылуды көздейтінін жасырмай айтқан еді-деп жазды Stan.kz.
https://www.youtube.com/watch?v=HryZPeNeHO8&feature=youtu.be