jasqazaq.kz

Сүйіктісін қызғанған жігіт оқ жаудырды (видео)

25 ақпан 2017, 13:31

Алматыда адалдық көрсете алмаған сүйіктісін қызғанған жігіт қарсыласын травмат қаруымен атып тастады. Оқиға 2016 жылдың желтоқсан айында «Жетісу» ықшамауданында болған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, — деп хабарлайды Patrul.kz.

Сөйтсек, сол күні қыз жігітімен бірге қаладағы кафелердің бірінде демалған. Осы кезде ер адам кафеден кетіп қалыпты. Бірнеше сағаттан кейін ол қайтып келіп, сүйіктісінің жоқ екенін байқайды. Кейін ол қыздың көрші дастарқанда отырған жігітпен танысып, сонымен бірге кетіп қалғанын анықтайды. Қыздың бұл әрекетіне шыдай алмаған жігіт олардың құшақтасып тұрған сәтінде қарудан оқ атқан. Мұнымен де тоқтамай, қызғанған ер адам қарсыласын ұрып-соққан. Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, шабуыл жасаған жігіт 10 күннен кейін ұсталған. Қазіргі уақытта ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберіліпті. «Қару қолдану, бұзақылық» бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

 

https://www.youtube.com/watch?v=pFGITIcwaZc

 

baq.kz

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты