
Петербургтың Фрунзеский ауданында қызықты оқиға орын алды. Куәгерлер нәрестені қарауылдап тұрған итті байқап қалған.
Баланың жанында ата-анасы болмаған. Анасы мен әкесінің орнына сәбиді питбуль «қарауылдап» тұрған.
Оларды видеоға түсіріп алған автор: «Төбет арбада жатқан сәбиді қорғауда. Анасы дүкенге кеткен шығар», – дейді.
Кадрға қарап, ит үшін мұның қалыпты жағдай екенін түсінуге болады.
stan.kz