jasqazaq.kz

Сәбиі перзентханада шетінеген әке дәрігерлерді кінәлайды

20 қазан 2016, 21:20

bala

Алматы облысында сәбиі перзентханада шетінеген әке дәрігерлерді жағадан алды

Айтуынша, әйелі ақ халаттылардың кесірінен айынан ерте босанып қойған. 7 айлық боп өмірге келген шақалақтың бастапқыда денсаулығы да жақсы болғанымен, арада жеті күн өтпей шетінеп кетіпті. Сәбиі өліп қайғырған жалғыз бұл отбасы емес екен. Қаскелең ауруханасында өлген басқа да балалардың әкелері оқиғаның қайталанғанын естіп, бүгін айқайға басты. Күні кеше ғана әке атанған Фархат сәбиін әлі иіскеп те үлгермепті. Айтуынша, аяғы ауыр келіншегі дәрігерлердің берген дәрісінен соң  ауруханаға түскен. Жағдайы ауырлаған әйелді ақ халаттылар бірден босандырып алыпты.

Фархат Тұрымбетов, Қаскелең кентінің тұрғыны:

-Акушер Рифат келіншегімнің де, баланың да жағдайы тәуір деген. 20 мың теңге ақша сұрады бердім.  

Бірақ жағдайы жақсы делінген жеті айлық бала жеті күн өтпей шетінепті. Ал ақ халаттылар қаралы хабарды жеткізгеннен басқа мардымды жауап бере алмаған.

-Мынау 3 күннен кейінгі жағдай. Бала, сап-сау. Тамақ ішіп жатыр деген.

Аурухана басшылығы бүгін де өздеріне шаң жуытқан жоқ. Керісінше,сәбиінің өлімінің себебін білгісі келген әкені тыңдағылары да келмей, күзет шақыртып, науқастардың ызасын тудырды.

Сөйтсе, бұл перзентханадан жылап шыққан жалғыз бұл отбасы емес екен. Ерқуан Егізбаев та осы жерден баласыз кеткен. Оның сәбиін ақ халаттылар шатастырып туберкулезден емдеген екен. Кейін сот сараптамасы баланың тіпті сау болғанын айтыпты.

Ерқуан Егізбаев, Қаскелен кентінің тұрғыны:

Туберкулез деді,  тексертсек туберкулез емес, бауыры езіліп кеткен дәріден, ауыр дәрілерден. Жазасын беру керек, дәрігерлердің. Бәрін тексерту керек.

Ал жеті айлық баласынан айырылып қалған ана енді бұл перзентханаға жоламаспын деп отыр.

Света Майлыбаева, Қаскелен кентінің тұрғыны:

-Баламды алып қуанышпен шығарам деп едім. Жылап шықтық.  Осы кезге дейін қанша бала  7 айлық болып туылды, бірақ жағдайы жақсы болып шығатын.

Тұңғышын бесікке емес, қара жер қойнауына тапсыруға мәжбүр әке енді сотқа жүгініп, Денсаулық министріне де шағымданбақшы.

ktk.kz

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде