
Степногорск қаласының 3517 әскери бөлімінің қызметкері Нұржан Ахметов балалы ананың өмірін сақтап қалды. Бұл туралы «Қазақстан-Көкшетау» арнасына сілтеме жасап informburo.kz хабарлайды. Танысына қонаққа бара жатқан жігіт көрші үйден сәбидің жылаған даусын естіп, көмекке келеді. Оқиғаның мән-жайын білу үшін тіпті есікті сындырып кіреді. Дәлізде ес-түссіз жатқан әйел мен кішкентай сәбиді көрген ол алғашқы көмек көрсетіп,жедел-жәрдем шақырады. Степногорск тұрғыны Лиана Кудлинова өзін құтқарған жігітті батыр санайды.
Н.Ахметов:»Мен батыр емеспін,әскери адаммын. Шамамның келгенінше көмек көрсеттім. Менің орнымдағы әрбір адам осылай көмек қолын созар еді» — дейді . Оқиға куәгерлері әскери азаматтың бұл ісі ескерусіз қалмау керек дейді.