
Қазақ эстрадасынан ойып тұрып орнын тапқан тағы бір топтың құрамы өзгерді. Патриоттық әрі рухты әндерімен танылған топтан Ұшқын Жамалбек кетіп, оның орнына басқа солист алынды. Бұл туралы музыкалық арнаның Instagram парақшасында жазылды.
“Жаңа жыл басталысымен біраз топтардың құрамы өзгерді. Олардың бірі – «Алашұлы». Аталмыш ұжымда өнер көрсеткен Ұшқын Жамалбек жеке шығармашылығын бастау үшін топтан кетті. Күні бүгін Ұшқынның орнына жаңадан солист келіп қосылды. Есімі – Ерзат Рамазан.
Ол «Astana Musical» театрының актері болып қызмет атқарады. Қазірдің өзінде үштік жаңа құраммен ескі әндерді жаңаша түрде қайта жазып жатыр. Алдағы уақытта Украина мемлекетіне барып, бейнебаян да түсірмек ойлары бар”, – делінген жазбада.
Топ жаңа құраммен ел алдына шығып та үлгерді.
https://www.instagram.com/p/BRIDRuZDHmA/?taken-by=alashuly_group