jasqazaq.kz

Роналду жаңа клубқа ресми түрде таныстырылды

04 қантар 2023, 9:28

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы португалиялық футболшы Криштиану Роналдуның таныстырылымын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Тұсаукесер Эр-Риядтағы Ханзада Фейсал бин Фахд атындағы стадионда өтті.

Еске сала кетсек, 37 жастағы Криштиану Роналду «Аль-Наср» клубымен екі жылдық келісімшартқа отырған.

«Аль-Насрмен» келісім-шартқа сәйкес, Роналду жылына 200 млн еуро табыс тауып, футбол тарихындағы ең көп жалақы алатын ойыншы болады.

Жақында Катарда өткен 2022 жылғы әлем чемпионатында Роналду сәтсіз өнер көрсеткен: ол бес матчта бір ғана гол соғып, екі ойынды орындықта отырып бастады. Португалия құрамасының турнирдегі өнеріне келсек, ширек финалда ол Марокко құрамасынан 0:1 есебімен ұтылып қалды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде