Бразилиядағы Олимпиада ойындарында төтенше оқиға болды. Рио-де Жанейрода баскетбол сайысы өтіп жатқан Олимпик Паркте аренаның төбесінде байлаулы тұрған «өрмекші» — камера құлады. Соның салдарынан 3 жанкүйер жарақат алды. Қазір апаттың себеп-салдары тексерілуде.