
Бүгін Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында әйелдер күресінен Эльмира Сыздықова қола медаль жеңіп алды.
Бүгін Рио төрінде қазақ қызы Сыздықова әйелдер күресінен Олимпиада ойындарының қола медалін жеңіп алды.
Қазақ балуаны қола медаль үшін күресте мысырлық Энас Мостафаны 7:4 есебімен ұтып, Қазақстан қоржынына алтыншы қола медаль алып берді.
Естеріңізге сала кетейік, Сыздықова осыған дейін жұбаныш белдесуінің бірінші кезеңіне моңғолиялық Очирбатын Насанбурмааны 3:1 есебімен ұтқан болатын.