jasqazaq.kz

Рима Нұртазина, балалар психологы: Қатыгез ұрпақты өзіміз өсіріп жатырмыз

31 қантар 2023, 16:26

Қазір кішкентай балалардың өзі тым қатыгез. Бұғанасы қатпаған, бейкүнә балалар түрлі қылмысқа барып жатыр. Әлеуметтік желідегі жаңалықтар жан түршіктіреді. Кішкентай бала мінезіндегі өзгерістердің себебін баларлар психологы Рима Нұртазина түсіндірді.

Қазіргі балаларға ата-ананың жылуы жетіспейді. Бала күні бойы ұялы телефонға телміріп уақытын өткізеді. Ал ондағы ойындардың көбісі атыс-шабыс, қантөгіс. Кешке жұмыстан шаршап келген ата-ананың балаға қарауға уақыты жоқ. Ал бала әлгі атыс-шабысты көріп еті үйренеді. Оған ол қалыпты жағдай сияқты. Содан оның бойында агрессия пайда болады. Бір уақыт телефонын алып, балаңызды бақылап көріңізші. Ол ойыншықтарының басын кесіп, болмаса мәшинелерінің есігін сындырып, жұмсақ ойыншықтарымен төбелесіп ойнайды. Тіпті «өлтіремін», «атамын» деген сөздерді жиі айтады. Осылайша оларға көңіл бөлмегендіктен, қатыгез ұрпақты өзіміз өсіріп жатырмыз.

Көп балалы отбасында да, тіпті 1-2 бала өсіп жатқан отбасында да ата-ананың мейірімі бәріне бірдей жете бермейді. Оған әр түрлі себеп айтып ақталатын ата-аналар да бар. Әрбір ата-анадан маман ретінде өтінерім: балаңызбен сөйлесіңіз, бір уақыт ойнаңыз. Не қалайтынын сұраңыз, сырласыңыз. Баламен мейілінше ашық болыңыз. Қандай спорт түрін ұнатады, қандай қызығушылықтары бар біліңіз. Баланы смартфон емес, өзіңіз тәрбиелеңіз.

Мақпал Ноғайбаева

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде