
2000-2016 жылдары Павлодар облысынан 84 019 азамат көшіп кеткен. Бұл туралы Павлодар облыстық ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының ақпаратына сүйене отырып «ҚазАқпарат» хабарлайды. Еліміздің бұл өңірінен көшіп кеткен адамдардың жасы 30-40 шамасында және одан кіші. Ал жасы келген адамдар аз қоныс аударуда. Облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасы басшысының орынбасары Ермек Сатыбалдиновтың айтуынша, қоныс аударушылардың көпшілігі қалалық аумақтан. Яғни Павлодар, Екібастұз, Ақсудан. Ал ауылдық жерлерден өте сирек көшеді». Оның пікірінше, осыған қарамастан иммиграция және эмиграция процесі халық санына еш әсер етпейді: «Бұл — сыртқы көші-қон процесі. Ол әрдайым бола бермек». Шетелге қоныс тепкен 84 мың адамның 51 мыңы Ресейге көшкен.