jasqazaq.kz

Суды да сатып аламыз

24 мамыр 2016, 11:27

photo_26203

Суды Ресейден алып отырған Батыс Қазақстан облысы биыл тіршілік нәрінен тарығуы мүмкін. Өйткені рубль бағамының құбылуынан су ақысы екі есеге қымбаттап кеткен. 

Tengrinews.kz сайты хабарлағандай Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығына қажетті судың 80 пайызын Ресейден рубльмен сатып алады. Олар 1993 жылдан бері суға ақша алып келеді. Өңірге қажетті 107 миллион текше метр су үшін жыл сайын мемлекеттен 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді.

Аймақтағы бас инженер-гидротехник Шынболат Ермағамбеттің айтуынша, 40 миллион текше метр су сатып алуға ақша жетпей қалды. Бұл — шамамен 622 миллион теңге. Енді су шаруашылығы мамандары қосымша қаржы көзін іздеуге кіріскен. Егер су қажетті мөлшерде сатып алынбаса, өңірдегі өзен-көлдер суалып қалуы мүмкін, дейді салаға жауапты мамандар.

«Бюджетті қорғау кезінде теңгеге шаққанда рубльдің курсы 3,5 теңге болған. Сол бағаммен өтіп кетті де, артынан курс өсіп кетті. 622 миллион теңгедей қосымша ақша керек, жеткілікті су алу үшін. Үкімет пенен облыс әкімдігі жұмыстанып жатыр. Бізден сұратылған есептер мен материалдардың бәрін әкімдікке де бердік, Астанаға да бердік.», — деді «Қазсушар» РМК БҚОФ бас инженер-гидротехнигі Шынболат Ермағамбет.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық