jasqazaq.kz

Ресейде халық ереуілге шықты

27 наурыз 2017, 14:43

26 наурызда Ресейдің оннан астам қалаларында жемқорлыққа қарсы жаппай ереуілдер орын алды. Полиция биліктегілердің бұйрығымен ереуілге шыққан бейбіт тұрғындарды жаппай қудалап, түрмеге жапты.

Тек Мәскеудің өзінде  500-ден астам адам ұсталып, темір торға тоғытылды. Жемқорлыққа қарсы ереуіл РФ-ның көптеген ірі қалаларында бірнеше мыңдағын адамдардың қатысуымен болып өтті. Билік өкілдеріне жаппай қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруға тура келді. Санкт-Петербург. Осы секілді суреттерді көтерген халық премьер-министр Дмитрий Медведев Алексей Навальныйдың айыптауларына жауап қатуын талап етуде.

Мәскеудегі Пушкин алаңында ереуілге шыққандарды бірден таратуға тырысып, қарсылық көрсеткендерді қамауға алды.Халықтың басым бөлігі қолдарына РФ-ның мемлекеттік туын ұстап шықты. Ұсталғандардың үстінен РФ әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кодекстің 20.2 бабына сәйкес «жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткiзу немесе өткізу тәртібін бұзу» бойынша протоколдар толтырылады.

Алексей Навальный шерудің басталуы туралы мәлімдеме жасамастан бір сағат бұрын, алаңға жиналушыларды себепсіз ұстап, күшпен тарату жұмыстары жүргізіліп кетті. Мәскеуде ұсталған 500-ден астам адамдардың ішінде кәмілет жасына толмаған жасөспірімдер де болған.

Қамақтағылар полицияның арнайы көліктернің ішінен де қарсылықтарын білдіріп, ереуілді жалғастыруды талап етуде. Бұл постсоветтік Ресейдің тарихындағы ең көлемді ереуілдің бірі болып, акцияның барысында ұсталғандардың саны рекордтық көрсеткішке жеткен. Ұсталғандардың ішінде жемқорлыққа қарсы шерудің ұйымдастырушысы Алексей Навальный да болды.

qazaqtimes.com

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық