jasqazaq.kz

Ресей сыртқы істер министрлігі: «Мырқымбай», «Мамбет» деп айтуға болмайды

27 наурыз 2017, 17:31

Ресей СІМ консулдық департаменті шет елдерге сапарға шығатын отандастарының жат жұртта жүріп-тұру ережесін жариялады. Ондағылар мұны әлдебір оқыс оқиғалардың алдын алу үшін жасап отыр екен. Ережеде, әсіресе, әр елдегі бейәдеп, намысқа тиетін сөздерге ерекше көңіл бөлінген.


Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына жарияланған ескертуде тілдері ұқсас Орталық Азия елдеріне қатысты айтылғандары біздің назарымызды аудартпай қоймады.  Caravan.kz хабарлағандай,  мысалы, Өзбекстанда мына сөздерді айтсаңыз, басыңыз бәлеге қалады: «джаляб», «кут», «куток», «ом», «сикмок», «харып».

Аталған департамент біздің елдегі жаман сөздерді де тізіп шыққан. Әрі олардың орысша қандай мағына беретінін түсіндіріпті.

Ресей дипломаттары былай дейді:

«Ресей азаматтары қазақтармен сөйлескен кезде мынадай намысқа тиетін сөздерді айта бермегені жөн.

«Мәмбет» — ауылдық жерлерден келгендерді төмендететін атау. Мәдениетсіз, сауаты төмен дегенді білдіреді. Сондай-ақ, «мәмбет» деп орысша нашар сөйлейтіндерді айтады.

«Калбит» — Орталық Азиядағы ұлттардың намысына қатты тиетін cөз.

«Топас», «ақымақ» — (придурок, дурак, тупой.)

«Мырық», «Мырқымбай» — жолы болмай жүрген бейшара, орыстың «Иван-дурагының» синонимі».

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық