jasqazaq.kz

Ресей мұнай өндірісі көлемін азайтады

01 қантар 2017, 13:02

1 қаңтардан бастап Ресей әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыруға бағытталған ОПЕК келісімі аясындағы мұнай өндіру көлемін азайтуға кіріседі. Қазақпарат ресейлік РИА-Новости  агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлағандай, әлем бойынша шикізаттың мол болуы екі жылдан бері мұнай бағасына қысым көрсетіп келді. Тек 2016 жылы қарашаның соңында ғана инвесторлар мұнай өндірісін күніне 1,2 миллион баррель — 32,5 миллион баррельге дейін қысқарту туралы ОПЕК шешімінің 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетінін естіді. Қол жеткізген уағдаластықтар 10 желтоқсандағы ОПЕК және өзге мұнай өндіруші елдер кездесуінде расталды. ОПЕК ұйымына кірмейтін мемлекеттер сол кездесуде уағдаластыққа қосылуға келісім берді. Олар алғашқы жартыжылдықта мұнай өндірісін шамамен тәулігіне 560 мың баррельге дейін азайтатын болады, олардың ішінде Ресей 300 мың баррельге кемітпек.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты