jasqazaq.kz

Р.Күлікбаевтың сыбайластары сотталды

02 қараша 2016, 12:27

20161102115812

Бүгін Алматыдағы  ЛА 155/18 тергеу абақтысында теракт ұйымдастырып, 10 адамның өмірін қиған Руслан Күлікбаевқа және оның сыбайластарына қатысты сот үкімі шықты.

Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Болатов сот үкімін оқыды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, судья Күлікбаевқа теракт жасағаны үшін өлім жазасын тағайындады. Сонымен қатар Р.Күлікбаевпен бірге сотқа атыс қаруын заңсыз сақтап, өзімен бірге алып жүріп, дайындап, Р.Күлікбаевпен бірге кәсіпкер Мещеряковтің үйіне қарақшылық шабуыл ұйымдастырған Р.Лю, Ж.Сапарбеков, Д.Әсембекұлы, Е.Құсайынов, Н.Әбдімомындарға қатысты сот үкімі оқылды.

Сот үкімімен Рафик Лю ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігі, 288-бабының 1-бөлігі, 287-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, түпкілікті жеке мүлкі тәркіленіп, 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын түзеу колониясының қатаң режімінде өтеу белгіленді.

Жасұлан Сапарбеков ҚР ҚК 192-б.4-б; 287-б, 4-б кінәлі деп танылып, жеке мүлкі тәркіленіп, түпкілікті 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және жазаны түзеу колониясының қатаң режімінде өтеу тағайындалды.

Ербол Құсайынов ҚР ҚК 192-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, жеке мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын түзеу колониясын қатаң режімінде өтейтін болады.

Дәурен Әсембекұлы ҚР ҚК 192-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, жеке мүлкі тәркіленіп, 10 жыл бас бостандығынан айырылды.

Нұрсұлтан Әбдімомынға ҚР ҚК 187-бабының, 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын жалпы режімдегі колонияда өтейді. Кепіл ретінде алынған бұлтарпау шарасы өзгеріп, сот залынан қамауға алынды.

«Кепіл ретінде алынған мүлік заңды иелеріне қайтарылсын», — деді Үкімді оқыған судья Ерлан Болатов.

Айта кетейік, бүгін судья Ерлан Болатов Руслан Күлікбаевқа қатысты сот үкімін оқыды.

«Р.Күлікбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің (ҚР ҚК) 255-бабы, 4-бөлігі (лаңкестік акт), 99-бабы, 2-бөлігі (екі немесе одан да көп адамды өлтіру), 24-бабының 3-бөлігі (өлтіру үшін шабуыл жасау), 192-б. 4-б. (топ адамға қарақшылық шабуыл), 287-б. 4-т. (заңсыз қару тасымалдау), 288-б. 2-б. (қаруды заңсыз жасау), 287 бабының 4-бөлігімен, 291-б. 4-б. (қару ұрлау), 200-б. 4-б. (көлік ұрлау), 126-б. 2-б. (адамды заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша, 58-бабының 4-бөлігін басшылыққа алып, жеке мүлкі тәркіленіп, өлім жазасы тағайындалсын», — деді үкімді оқыған судья Ерлан Болатов.

 

ҚазАқпарат

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде