jasqazaq.kz

ҚР ІІМ: Алматыда ұсталғандар босатылды

21 мамыр 2016, 16:25

7EE7F90C-D99B-46D1-81EA-27FA089AC5B8_cx0_cy1_cw0_w987_r1_s_r1

Ішкі істер министрлігінің өкілдері митинг өткізілген жағдайда арандатушылықтар болуы және жанжал туындауы мүмкін екені болжанғанын мәлімдеді.

«Біз митинг өткен жағдайда полиция қызметкерлеріне қарсы арандатушылық немесе жанжал туындауы мүмкін деп болжадық. Сонымен қатар, кеше Алматыдағы пәтерлерден тәркіленген заттар біздің осы жағдайға көзіміздің жетуіне себеп болды. Бұл да митингке дайындалу болуы мүмкін. Сондықтан да біз жеке құрамды толықтай жұмысқа шығарып, қоғамдық қауіпсіздіктің бұзылмауы үшін заң шеңберінде жұмыс істедік. Сіздер білесіздер, полицияның негізгі мақсаты митинг туралы заңды сақтау», — деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха ОКҚ брифингі барысында.

Tengrinews.kz хабарлағандай, И.Лепеха Алматыда болған жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Алматыда рұқсат етілмеген шеру өткен жоқ. Жиналуға тырысты, дегенмен оның да алдын алдық. Адамдар көп болған жоқ. Шамамен 20-30. Дегенмен олардың көбі митингті көруге, не айтылатынын тыңдауға келгендер екен. Жауап алынғаннан кейін олар босатылды», — деп қосты Лепеха.

ҚР ІІМ ӘПК төрағасы 20 мамыр күні адамдардың ұсталуы митингке қатысты екенін айтты. «Осы митингті ұйымдастырғандар ұсталды. (…) Шеруге рұқсат етілмегеніне қарамастан, олар митингті ұйымдастыруды жалғастырды», — деді Лепеха.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық