
WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының неліктен ең қауіпті панчер екенін көрсетіп берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
«GGG-дің бокс әлемінде ең қауіпті панчер екенін көрсететін нокауттарының тамаша видеолары бар. Бүгінде Головкин қарсыластарын 23 рет нокаутқа түсірді», — деп жазды Леффлер Twitter желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, видеода Головкиннің ұлыбританиялық Келл Брукпен өткен кездесуде (2016 жыл 10 қыркүйек, Лондон) мерзімінен бұрын жеңіске жеткен сәттері көрсетілген.
https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=DaW7OhQO2qQ