jasqazaq.kz

Профессорлар ректорға неге өкпелі?

14 ақпан 2017, 21:39

Ректор қызметтен кетсін! Ақтауда шыдамы шегіне жеткен бір топ ұстаз осылай деп наразылық білдірді. Олардың айтуынша, білдей профессорлардың 4 жылдан бері басшыдан көрмеген қорлығы қалмапты. Енді олар Каспий мемлекеттік университетінің қазіргі ректоры Әділбек Ботабековтің қоластында жұмыс істеуден түбегейлі бас тартуда. Тіпті, 100-ге тарта оқытушы басшыға қарсы премьер-министрдің өзіне петиция жазып қойған.

ktk.kz хабарлағандай, төзімі таусылған ұстаздар университеттегі былықты 4 жыл бойы жасырып келген. Ал бүгін басшыдан көрген қорлықтың бірін қалдырмай жайып салды.

Бибайша Нұрдәулетова, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры:

— Соңғы 4 жылда қаржылық жағдайымыз да, оқу үдерісі де, ғылым да, тәрбие де, барлығы тоқырауға ұшырады. Бірде-бір халықаралық, республикалық, аймақтық, конференция өткен жоқ университетте.

Каспий мемлекеттік университетінің ректоры Әділбек Ботабеков ұстаздарды да адам құрлы көрмейді екен. Жұмыстан себепсіз қуылғандары көп. Әсіресе, жасы үлкендер кетіп жатыр. Ал қызметте қалған оқытушыларды жалақыға жарытпай қойған.

Сәтжан Айсаев, машина жасау кафедрасының доценті:

-40 мың ақшасын төмендетіп қойған. Енді оның негізі қайда десек, негізі жоқ. Бұл өндірістік мекеме емес. Сол профессорлар оқытуы керек студенттерді. Бірақ, зейнет жасына келді деген желеуменен мамандарды жұмыстан кетуге мәжбүрледі.

Қатал басшы студенттерді де қыспаққа алған көрінеді. Көбі бұған шыдамай, оқуды өз еріктерімен тастауға мәжбүр болыпты. Сөйтіп, санаулы жылдарда мұндағы білім алушылар саны екі есе азайған.

Бибайша Нұрдәулетова, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры:

-8 студент емтихан тапсырса, 10 адам оның желкесінен қарап тұрады. Екі жақта 2 камера тұрады. Содан кейін ол байғұс студент өзінің білгенін ұмытып қалады. Соның нәтижесінде әр топтан ондаған студенттер құлайды.

Енді ұстаздар ректордың қарамағында жұмыс істеуден түбегейлі бас тартып отыр. Сондықтан, 100-ге тарта адам премьер-министрге ұжымдық арнаулы өтініш жазып қойған. Ал Әділбек Ботабековтің өзі ұстаздардың айтқанын жоққа шығарып отыр. Тіпті бұл ректорлыққа талас дейді. Сондайқа, өзі университетте бұған дейін болған былықты жойғанын айтуда.

Әділбек Ботабеков, Каспий мемлекеттік университетінің ректоры:

-2013 жылдан бері берілген 74 диплом расталмай шықты. Яғни, бітірушілерге жалған дипломдар табысталған. Тіпті, қағазды оңды-солды берген бір қызметкер 4 жылдан бері іздеуде жүр.

Енді мамырда ректорлық лауазымға байқау өтпек. Ботабеков бұған дейін тындырған ісін жіпке тізіп, жылы орнында қалатынына сенімді болып отыр. Ал ондай жағдайда ұстаздар қызметтен кетуге мәжбүр болмақ. Сондықтан жағдайға тез арада билік өкілдері араласса дейді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық