jasqazaq.kz

Президентке есеп берді

27 ақпан 2023, 15:47

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Әлихан Смайыловты қабылдады. Aqorda resmi хабарлағандай,
Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерін нақтылау мәселелері баяндалды.

Сондай-ақ әлемдік экономиканың өсіміне қатысты болжамдардың, осы жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің бұған дейін мақұлданған деңгейде сақталып отырғаны жөнінде мәлімет берілді. Биыл ЖІӨ-нің нақты өсімі 4 пайыз, ал мұнай бағасы барреліне 85 доллар болады деп жоспарланып отыр.

Премьер-Министрдің айтуынша, бюджет шығыстарын ішкі қайта бөлу және бюджет түсімдерін арттыру есебінен 2,2 триллион теңгені нақтылау жоспарланып отыр. Осы ретте шағын және моноқалаларды дамытуға, «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруға, елді мекендерді газбен қамтамасыз етуге, жылумен қамту жүйелерін салуға және реконструкциялауға, азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға, сондай-ақ ауыл халқын жаппай жұмыспен қамту үшін жағдай жасауға қосымша қаржы бөлу көзделген.

Көлік инфрақұрылымы мен логистика саласын дамыту үшін жолдар салуға және реконструкциялауға қаржы бөлу, пойыздарды жаңарту, жолаушылар вагондарын сатып алу жоспарланған. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібіндегі ірі жобаларға, елдің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін армияны жаңғыртуға және әскери қызмет жағдайын жақсартуға қосымша қаражат бөлу көзделіп отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің дамуына әлеуметтік-экономикалық тұрғыда барынша оң ықпал  ету мақсатында бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка