jasqazaq.kz

Президент курсанттармен кездесті

14 ақпан 2023, 14:29

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Сапар барысында президент өңірдегі агроөнеркәсіп кешеніндегі бірнеше кәсіпорынды аралап көреді. Аkorda.kz жазғандай, энергетикалық әлеуметтік нысандардың да жұмысымен танысады.
Президент төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына да арнайы ат басын бұрды. Азаматтық қорғау саласы бойынша кәсіби мамандарды оқытып даярлайтын еліміздегі жалғыз оқу орнында сөйлеген сөзінде академияның роліне тоқталды.

«Бұл – ең алдымен, құтқарушы мамандарға жүктелетін зор сенім, үлкен жауапкершілік. Құтқару қызметі – өте маңызды сала. Соңғы кезде жер жүзінде төтенше оқиғалар жиілеп барады. Жұртымыз мұндай қауіп-қатерге әрдайым дайын болуы керек. Сондықтан осы салада қызмет етіп жүрген мамандардың еңбегі еліміз үшін өте маңызды. Академия – еліміздегі кәсіби құтқарушыларды даярлайтын бірден-бір оқу орны. Оны ширек ғасыр ішінде 6 мыңға жуық маман бітіріп шықты. Академия түлектері барлық облыста еңбек етіп жүр. Олар Отан алдындағы борышын адал атқарып келеді. Халқымызда «Апат айтып келмейді» деген сөз бар. Күзде еліміздің бірнеше аймағы алапат өрттен зардап шекті. Сын сағатта тұрғындарға алдымен құтқарушылар көмекке келді», – деді Президент.

Мемлекет басшысы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия мемлекетіне жіберілген құтқарушылар мен дәрігерлер миссиясын атқарып келген соң құрмет көрсетіп марапаттайтынын да жеткізді.

«Олардың арасында Ақмола облысының мамандары да бар, яғни 18 адам. Біздің құтқарушылар бірнеше адамды аман алып шықты. Түркияда күндіз-түні жұмыс істеп жатқан азаматтарымызға алғыс айтамын! Төтенше жағдай мамандары жұмыс барысында талай рет ерлік көрсетті. Басқа адамдардың өміріне араша түсіп, қаза тапқан құтқарушылар аз емес. Олардың қатарында осы академияның түлегі Асқар Забикулин де бар. «Ер есімі – ел есінде». Батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмауы тиіс.

Азаматтық қорғаныс саласын нығайтып, жаңғырту жолында атқарылар шаруа әлі де көп екенін баса айтты. Биылдан бастап елімізде құтқарушылардың еңбекақысы 10-70 пайыз аралығында артады», — деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ жыл сайын еліміздің азаматтық құтқару саласына 150-ден астам офицер маман даярлайтын оқу орнының материалдық-техникалық базасын заманауи құрал-жабдықпен қамтамасыз ету қажеттігін де ескертті.

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата