jasqazaq.kz

Президент Астананың жылу инфрақұрылымы проблемадан арылмай келе жатқанын сынады

31 қантар 2023, 17:33

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысында кейінгі 10 жылда қаланың жылу инфрақұрылымы проблемадан арыла алмай келе жатқанын сынады, деп хабарлайды JQ-Aqparat.

«Астананың инфрақұрылымын дәйекті түрде дамыта беру қажет. Урбанизацияның қазіргі қарқыны сақталса, елорда халқы 2030 жылға қарай екі миллион адамға жетуі мүмкін. Қала тез өсіп келеді, бұл бүгінде Бас жоспардың көптеген талаптары жүйелі түрде бұзылып жатыр. Сондықтан инженерлік инфрақұрылымды кешенді дамыту басым міндет болып тұр», — деді Мемлекет басшысы.

Президент кейінгі 10 жылда Астананың жылу инфрақұрылым проблемадан арылмай келе жатқанын сынады.

«Әкімдік 10 жылдан астам уақыт бойы №3 жылу-электр орталығын пайдалануға бере алмай келеді. Жобаны тапсыру мерзімі бірнеше рет ауыстырылды. Бұл оның құнының 53 миллиард теңгеге қымбаттауына әкелді. Мәселе 2019 жылы көтерілгенімен, нысанның дайындығы әлі де 83% болып отыр», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет башысының айтуынша, бүгінде елорда 300 гигакалориядан асатын жылу тапшылығына тап келіп отыр.

«Үкімет әкімдікпен бірлесіп жыл соңына дейін №3 жылу-электр орталығының бірінші бөлігін іске қосуды қамтамасыз етіп, екі газ қазандығының құрылысын аяқтауға тиіс. Нысанның екінші бөлігінің құрылысын қаржыландыру қаншалықты орынды екенін, мерзімдерін және қаражат көздерін анықтау керек», — деді Президент.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде