
Мәскеуде «Русские» атты ұлтшыл қозғалыстың жетекшісі Александр Поткинге (Белов) қатысты сот аяқталып келеді. Прокурорлар соттан Поткинге тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Ал Поткиннің өзі тағылған айыптарды жоққа шығарды, ол қылмыстық істі саяси қудалау деп есептейді.
Александр Поткин 2014 жылы қазанда қамалған болатын. Оған «Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы, БТА банктен сол ұрлаған бес миллиард долларды жасыруға көмектесті, қылмыстық жолмен түскен ақшаны заңдастырды» деген айып тағылған еді. Бұған қоса, Поткин «экстремистік қауымдастық құрды, диверсия жасады және ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыпталып отыр.