jasqazaq.kz

Польшада қаңтарылған көліктер Литва арқылы өтеді

27 ақпан 2023, 16:42

Индустрия министрлігі Литваның құзырлы органымен Польшадағы қазақстандық жүк көліктерінің Балтық елі арқылы өту мәселесіне келісті.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Польша аумағында тұрақтап қалған отандық жүк көліктерінің кедергісіз жүруін қамтамасыз ету үшін ведомство арнайы шараларды қолға алды.
Биылғы 21 ақпанынан бастап Польшаның аумағына Еуроодақтан басқа барлық елдің жүк көліктеріне кіруге тыйым салынған болатын. Соның салдарынан аталған мемлекетте елімізге тиесілі 400-ге жуық жүк көлігі тұрып қалды.
«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазақстандық тасымалдаушылар қауымдастығымен бірлесіп, жүк көліктерінің тізімін жасады. Бұл отандық жүк тасымалдаушылардың жол жүрісін қамтамасыз ету үшін қолға алынған шара. Сондай-ақ Варшава мен Вильнюстегі еліміздің елшіліктерімен жұмылып, аталған көліктердің шығып кетуіне рұқсат алу үшін польшалық және литвалық уәкілетті органдармен келіссөздер жүргізілді»,- деді ИИДМ өкілдері.
24 ақпанда министрлік Литваның көлік және коммуникация министрлігімен Автотасымалдау мәселелері жөніндегі аралас комиссиясының отырысында бас қосып, онда Польшада аялдап тұрған еліміздің жүк көліктерінің Литва аумағы арқылы өту мәселесі келісілді. Сондай-ақ жүк тасымалын қамтамасыз ету үшін 2023 жылға арналған өзара алмастырылатын рұқсат бланкілеріне квота белгіленді.
Енді Литва тарапына қазақстандық көліктердің тізімі беріліп, жүк тасымалдаушылардың кедергісіз жүріп өтуі қамтамасыз етіледі.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде