jasqazaq.kz

Пойыз бен көлік соқтығысты: 3 адам мерт болды

20 ақпан 2023, 10:57

Ақмола облысындағы теміржол өткелінде көлік апаты орын алды деп хабарлайды Қазақстан темір жолының баспасөз қызметі. 20 ақпан күні таңғы сағат 6:45-те Ақмола облысының Бурабай – Шортанды учаскесінде автомобиль жүргізушісі бағдаршамның қызыл белгісіне тоқтамай әрі шлагбаумның жабылғанына қарамастан теміржол өткеліне шығып кеткен. Төтенше жағдай оқиғасы адам өліміне әкеп соқтырды. Жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолушысы қайтыс болды, тағы үш адам ауруханаға жеткізілді.
ҚТЖ баспасөз қызметі оқиға орын алған кезде өткелдегі белгі дұрыс жұмыс істеп тұрғанын, кезекші де орнында болғанын жазды. Қазақстан темір жолы автокөлік жүргізушілерге теміржол өткелінен өту кезінде аса сақ болып, жол қозғалысы ережесін мұқият сақтауға шақырды.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті